7-сыныпта қазақ тілі сабағында есімше мен көсемше тақырыбын өтіп жатқанда бір оқушым: «Апай, мұны не үшін оқуымыз керек? Өмірде керек емес қой» деп сұрады. Сыныптың бәрі күліп, маған қарады.Оқушыға айтқан жауабым: «Есімше мен көсемшені емтихан үшін емес, өз ойыңды дәл жеткізу үшін оқып жүрсің. «Оқыған бала» мен «оқып отырған бала» — екі түрлі адам. Бір сөзді дұрыс қолданбасаң, ойың да бұрмаланып кетеді. Қазақша таза, дәл сөйлей білу — сенің күшің.»Ішімде қалған шынайы жауабым: Шынымды айтсам, ішімнен «қойшы, кейде өзім де шаршап, осының бәрін не үшін деп ойлаймын» дедім. Бірақ оны оқушыға айтпадым. Өйткені ол сұрақ — оның түсінгісі келетінін білдіреді. Жаттағысы келмей, мағынасын білгісі келеді.Нәтиже: Сол сұрақтан кейін сабақты ереже жаттатумен емес, өмірден мысалмен түсіндірдім. Оқушы «аа, түсіндім» деді. Сол күннен кейін ол сабаққа қызыға қатыса бастады.Қорытынды: Оқушы «не үшін?» деп сұраса — бұл қарсылық емес, түсінуге деген талпыныс екен.
Педагогтердің 300 үні
Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз
Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.
300 орынның әлі 284 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.
Ж
Жанар Тажибаева
Өзгеріс көшбасшысы
Негізін қалаушы
Менің кейсім
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.