Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
А

Акшагул Нургалиева

Негізін қалаушы

2 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не? Мектепалды даярлық сыныбында балалардың қызығушылығын оятып, еркін әрекет етуге жетелейтін сәттер өте көп. Соның бірі — жаңа тақырыпты өткен кезде түрлі тәжірибелер немесе дидактикалық ойындар көрсеткен кезім. ​Мысалы, математика немесе сауат ашу сабағында сиқырлы қорапшадан жұмбақ заттарды шығарып немесе өз қолымызбен қарапайым аппликация құрастырып жатқанда, балалардың көздері жайнап кетіп, кейбірі орнынан асыға ұмтылып: «Апай, бұны өзім байқап көрсем бола ма? Маған да беріңізші!» деп сұрайды. ​Мұндай кезде баланың бетін қайтармай, керісінше оларға мүмкіндік беріп: «Әрине, сен қазір сиқыршы боласың, өзің жасап көр!» деп ынталандырғанымда, олардың жаңа нәрсені үйренуге деген құштарлығы мен сенімділігі екісесе арта түседі. Баланың өз бетімен ізденіп, жасап көруіне жол ашу — олардың білімге деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына үлкен негіз болады. Нәтиже берген тәсіл 12 қараша 1 минуттық оқу Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай? Еңбек жолымның алғашқы жылдарында балаларға бір нәрсені түсіндіріп жатып немесе тәртіпке шақырғанда «Қазір тыныш отырыңдар!» немесе «Тек қана мені тыңдаңдар!» деген сөздерді жиі қайталайтын едім. ​Кейіннен тәжірибе жинақтай келе бұл сөздердің балалардың еркін ойлануына, өз бетінше әрекет етуіне белгілі бір дәрежеде шектеу қоятынын түсіндім. Қазір бұл сөздерден мүлде бас тарттым. ​Ендігі кезекте оның орнына балаларды жалықтырмайтын, керісінше қызығушылығын оятып, ынталандыратын әдістерді қолданамын. Мысалы, тыныштық сақтауды қажет етсем: «Ал, балалар, құлағымызды түріп, сиқырлы сәтті бастайық» немесе «Кімнің көзі жайнап, маған қарап тұр екен?» деп жұмсақ әрі ойын түрінде жеткіземін. Бұл балалардың назарын әлдеқайда жылдам аударып, сыныптағы жағымды атмосфераны сақтауға көмектеседі. Менің кейсім 12 қараша 1 минуттық оқу