Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Мектепалды даярлық сыныбында балалардың қызығушылығын оятып, еркін әрекет етуге жетелейтін сәттер өте көп. Соның бірі — жаңа тақырыпты өткен кезде түрлі тәжірибелер немесе дидактикалық ойындар көрсеткен кезім.
Мысалы, математика немесе сауат ашу сабағында сиқырлы қорапшадан жұмбақ заттарды шығарып немесе өз қолымызбен қарапайым аппликация құрастырып жатқанда, балалардың көздері жайнап кетіп, кейбірі орнынан асыға ұмтылып: «Апай, бұны өзім байқап көрсем бола ма? Маған да беріңізші!» деп сұрайды.
Мұндай кезде баланың бетін қайтармай, керісінше оларға мүмкіндік беріп: «Әрине, сен қазір сиқыршы боласың, өзің жасап көр!» деп ынталандырғанымда, олардың жаңа нәрсені үйренуге деген құштарлығы мен сенімділігі екісесе арта түседі. Баланың өз бетімен ізденіп, жасап көруіне жол ашу — олардың білімге деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына үлкен негіз болады.