RACE стратегиясы оқушыларға тарихи тұлғаларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Тарихи тұлғаларды зерттеу тек өткенді түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамдық үдерістерді ұғыну үшін де маңызды.
Біріншіден, бұл тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді, оқушыларға ұлттық тарихты тереңірек түсінуге және өз елінің өткен кезеңімен байланысын сезінуге көмектеседі. Екіншіден, тарихи тұлғалар құндылықтар мен адамгершілік бағдарлардың үлгісі бола алады. Мысалы, Абылай хан, Әлихан Бөкейхан, Абай Құнанбайұлы, Жұмабек Тәшенов сияқты тұлғалар батылдықты, әділдікті, патриотизмді және білімге ұмтылысты көрсетеді.
Сонымен қатар олардың қызметін талдау көшбасшылық қасиеттерді және стратегиялық ойлауды дамытуға көмектеседі, өйткені олардың көпшілігі тарихтың күрделі кезеңдерінде маңызды шешімдер қабылдаған. Тарихи тұлғалардың рөлін зерттеу қоғамдық-саяси түсінікті кеңейтіп, жеке адамдардың мемлекет пен қоғамның дамуына қалай әсер еткенін түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тарихи тұлғаларды зерттеу оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытады, ұлттық бірегейлікті нығайтады, қазіргі әлеуметтік және саяси мәселелердің түп-тамырын түсінуге көмектеседі және олардың өмір жолы оқушылар үшін шабыт пен мотивация көзі бола алады.