Пәнді оқыту барысында студенттер биологиялық зерттеулерді жоспарлау, зертханалық құрал-жабдықтармен дұрыс жұмыс істеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді тіркеу, өңдеу және ғылыми тұрғыда талдау дағдыларын меңгереді.Курстың мазмұны заманауи зертханалық әдістерді қолдану, қауіпсіздік техникасын сақтау, биологиялық материалдармен жұмыс істеу қағидаларын игеру, зерттеу нәтижелерін жүйелеу және ғылыми есеп жазу талаптарын қамтиды. Студенттер тәжірибелік жұмыстар арқылы бақылау, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде ұсыну қабілеттерін дамытады.