Бұл курс мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруға бағытталған. Қатысушылар НЗМ тәжірибесіне негізделген тиімді тәсілдермен танысып, оны өз мектептерінде енгізудің нақты алгоритмін меңгереді. Курс барысында оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау, кәсіби бағдар беру кездесулерін ұйымдастыру, жеке консультациялар жүргізу, сондай-ақ Қазақстан және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жолдары қарастырылады. Нәтижесінде қатысушылар кәсіби бағдар беру жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырып, дайын құралдарды практикада қолдана алады.