NIS Oskemen Қысқы мектебі 5-6 сынып оқушыларының жан-жақты дамуына жағдай жасайтын оқу бағдарламасы. Курс НЗМ-нің оқу-тәрбие жүйесінің элементтерімен таныстыра отырып, негізгі пәндер бойынша білімді тереңдетуге, STEM-зертханада тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға және көшбасшылық, шығармашылық, коммуникациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған.
Бағдарлама топтық жұмыстарды, практикалық тапсырмаларды, ойын түріндегі белсенділік пен қорытынды спорттық іс-шараны қамтиды. Қысқы мектеп оқушылардың өзін-өзі дамытуға деген мотивациясын, сенімділігін және оқу дағдыларын нығайтады.