Мектеп мұғалімі, Магистрант, Студент, Педагог-ұйымдастырушы, Ассистент, Балабақша меңгерушісі, Қосымша білім беру педагогі
Хит сатылым
Мұғалім және жасанды интеллект: сабақ жоспарлау, саралау және бағалау құралдарын қолдану
Бұл курс 5–10 сынып мұғалімдеріне жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлау, саралау және бағалауда тиімді қолдануды үйретуге бағытталған. Бағдарламада ЖИ-дың мүмкіндіктері таныстырылып, мұғалімдер сараланған тапсырмалар құрастыруды, оқу жетістігін бағалауды және кері байланыс беруді автоматтандыру тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар цифрлық мәдениет, этикалық нормалар және заманауи педагогикалық технологиялар қарастырылады.
Аралас
Семинар-практикум
Ұзақтығы
2 күн ішінде 8 сағат
Ұйымдастырушы
НЗМ Алматы-Медеу
Тренер
Кауысова А.М., Алмабекова А.Е.
Оқыту тілі
Қазақша, Орысша
14 200 ₸
Семинар-практикум туралы

Қазіргі таңда білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың дамуы арқылы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Солардың ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары мұғалімнің кәсіби қызметін тиімді ұйымдастыруға, сабақ жоспарлауды жетілдіруге, саралау мен бағалау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты: Мұғалімдердің сабақ жоспарлау, саралау және бағалау кезеңдерінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану құзыреттерін қалыптастыру.
Бағдарлама 5–10 сынып мұғалімдеріне арналған және теориялық білім мен практикалық іс-әрекетті ұштастырады.
Курстың өзектілігі: Педагог қызметіне жасанды интеллект құралдарын енгізу қажеттілігі артып келеді. Бұл бағдарлама мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және заманауи оқыту әдістерін қолдануға ықпал етеді.
Курстың міндеттері:
- Білім беру саласында қолданылатын заманауи жасанды интеллект құралдарымен таныстыру.
- ЖИ-ды сабақ құрылымын жоспарлауда тиімді пайдалануға үйрету.
- Әртүрлі деңгейдегі сараланған тапсырмаларды құрастыру дағдыларын дамыту.
- Оқушылардың жұмысын бағалау және кері байланыс орнату үшін ЖИ құралдарын қолдану.
- Мұғалімдердің цифрлық мәдениетін және этикалық қағидаларды сақтау біліктілігін арттыру.

Оқу аяқталғаннан кейін сіз үйренесіз
ЖИ-дың негізгі мүмкіндіктерін және оны білім беру үдерісіне интеграциялау жолдарын түсінеді.
Сабақ құрылымын жоспарлауда жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдана алады (мақсат қою, ресурстар таңдау, тапсырмалар генерациялау).
Саралау стратегияларын ЖИ көмегімен құра алады: деңгейлік тапсырмалар, бейімделген ресурстар, қабілетіне қарай бағытталған жұмыс.
Бағалау және кері байланыс беру үшін ЖИ платформаларын пайдаланады (рубрика генерациялау, автоматты тексеру, аналитика шығару).
Цифрлық мәдениет пен этикалық қағидаларды сақтай отырып, ЖИ-ды жауапкершілікпен қолдануды меңгереді.
Практикалық өнімдер әзірлейді: дайын сабақ жоспары, сараланған тапсырмалар жинағы, бағалау құралдары.
ЖИ-ды оқу сапасын арттыру құралы ретінде жүйелі қолдану дағдысын қалыптастырады.
Мұғалім және жасанды интеллект: сабақ жоспарлау, саралау және бағалау құралдарын қолдану
14 200 ₸
Оқу қалай өтеді
Бағдарлама аралас форматында жүзеге асырылады және толығымен өздігінен және икемді өтуге бейімделген:
Сабақ кестесі
3 күн қатарынан 18–20 Желтоқсан 2025
Ұзақтығы
Аралас, күніне 2 сағат
14:30 - 17:00 Астана уақытымен
Аудитория
НЗМ Алматы-Медеу базасында
белсенді әріптестермен өнімді жұмыс
Сізді не күтіп тұр:
Мұғалім жұмысына пайдалы жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысу.
Сабақ жоспарлауға арналған промт-инжинирингті қадам-қадаммен меңгеру және шаблондар дайындау.
Саралау үшін ИИ құралдарын қолдану: деңгейлік тапсырмалар (A/B/C), визуалдар, инфографика жасау.
Бағалау критерийлері, рубрикалар және автоматтандырылған кері байланыс құрастыру.
Менің ИИ-мен дайындалған сабағым» мини-жобасын әзірлеу және қорғау.
Сабақта бірден қолдануға болатын дайын материалдар, чек-листер мен шаблондар.
Тегін кеңес алу

Біздің ұсыныстарымыз

  • Вебинар
    Мектепішілік зерттеуден халықаралық масштабқа: Конференцияға мақала жазу мен жіберу жолдары
    1 тыңдаушы үшін 5 600 ₸
  • Каникулдық лагерь
    STEAM Жазғы мектеп
    1 тыңдаушы үшін 40 000 ₸
  • Каникулдық лагерь
    "CASPI CAMP-2026 НЗМ Ақтау"
    1 тыңдаушы үшін 180 000 ₸
  • Каникулдық лагерь
    Academic knowledge бағытындағы ақылы жазғы мектеп
    1 тыңдаушы үшін 100 000 ₸