Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Жанылсын Сугурбаева Қатысушы Цифрлық жаңашыл
Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?

1 минуттық оқу

Менің ойымша, ЖИ дәуірінде үй тапсырмасын оқушының өз өмірімен байланыстырып, оған таңдау берген тиімді. Мысалы, 3-сыныптағы «Цикл» тақырыбына «Менің өмірімдегі қайталанатын әрекеттер» тапсырмасын ұсынар едім.

Оқушы үйдегі бір әрекетті бақылап, қай қимылдың қайталанатынын анықтайды. Оны суретпен немесе қысқа алгоритммен көрсетеді. Мысалы: «Гүлдерді суару: бір гүлге су құй → келесі гүлге өт → барлық гүл суарылғанша қайтала». Келесі сабақта өз мысалын түсіндіріп, сыныптастарына қайталанатын әрекетті тапқызады.

Тапсырманың ұтымды тұсы — оқушы мысалды өзі таңдайды, бақылайды және түсіндіреді. Оның қызығушылығын дайын жауап іздеуден гөрі, өз жаңалығын бөлісуге бағыттайды. Ал түсінгенін жұмысының әдемілігінен емес, «Қай әрекет қайталанды? Қайталау қашан аяқталады?» деген сұрақтарға берген жауабынан байқауға болады.

Сабақ идеясы
1 жауап 1 минуттық оқу Оқығандар: 11
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.

1 жауап

Гүлшат Ахметжанова Жаңадан бастаушы Өзгеріс көшбасшысы 6 сағат бұрын
Өз практикамда жазушымен алғаш танысқанда "Бұл кім?" сұрағының айналасында ақпарат жинақтауды тапсырамын, келген соң сол ақпараттарды дәлелдеу арқылы фак, аргументті оқулықтан бірге іздейміз. Сонда оқушы өзі ізденеді алған ақпаратының шынайылығын анықтайды, аргумент келтіре сөйлеу дағдысына қалыптасады.
Алғашқы жазба үшін марапат

«Алғашқы үн» марапатын ашыңыз

Beyim Connect желісінде алғашқы жазбаңызды жариялаңыз немесе кәсіби тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Алғашқы мақұлданған жарияланым ғана есептеледі — жауаптар есепке алынбайды.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.