Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Жанылсын Сугурбаева

Қатысушы Цифрлық жаңашыл

3 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Бір жоспар, әртүрлі сыныптар — бұл қалай жүзеге асады? Бір жоспарды параллель сыныптарға қолданғанда, оқу мақсатын сақтап, тапсырманың күрделілігін, қолдау түрін және орындау уақытын өзгертемін. Мысалы, 3-сыныптағы «Циклдер» сабағында бір сынып оқушылары қайталанатын әрекетті тез анықтап, өз алгоритмін құрастыруға көшті. Оларға Scratch-та қайталау санын өзгертіп, нәтижесін салыстыруды ұсындым. Екінші сыныпта кейбір оқушылар әрекеттердің ретін анықтауда қиналды. Сондықтан алдымен күнделікті қимылдар бейнеленген карточкаларды реттетіп, кейін дайын алгоритмдегі қайталанатын әрекетті тапқыздым. Нұсқауды қысқа қадамдарға бөліп, жұппен талқылауға көбірек уақыт бердім. Бейімдеу қажет екенін сабақ басындағы шағын тапсырмадан байқадым: бір сынып өз мысалын еркін келтірсе, екіншісіне қосымша сұрақтар мен көрнекілік қажет болды. Осылайша бір мақсатқа әр сыныптың дайындығына сай қарқынмен жетуге жағдай жасадым. Менің кейсім 26 қараша 1 минуттық оқу ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн? Менің ойымша, ЖИ дәуірінде үй тапсырмасын оқушының өз өмірімен байланыстырып, оған таңдау берген тиімді. Мысалы, 3-сыныптағы «Цикл» тақырыбына «Менің өмірімдегі қайталанатын әрекеттер» тапсырмасын ұсынар едім. Оқушы үйдегі бір әрекетті бақылап, қай қимылдың қайталанатынын анықтайды. Оны суретпен немесе қысқа алгоритммен көрсетеді. Мысалы: «Гүлдерді суару: бір гүлге су құй → келесі гүлге өт → барлық гүл суарылғанша қайтала». Келесі сабақта өз мысалын түсіндіріп, сыныптастарына қайталанатын әрекетті тапқызады. Тапсырманың ұтымды тұсы — оқушы мысалды өзі таңдайды, бақылайды және түсіндіреді. Оның қызығушылығын дайын жауап іздеуден гөрі, өз жаңалығын бөлісуге бағыттайды. Ал түсінгенін жұмысының әдемілігінен емес, «Қай әрекет қайталанды? Қайталау қашан аяқталады?» деген сұрақтарға берген жауабынан байқауға болады. Сабақ идеясы 26 қараша 1 минуттық оқу Бір жоспар, әртүрлі сыныптар — бұл қалай жүзеге асады? Күрделі тақырыпты түсіндіруде оны оқушының күнделікті өмірімен байланыстырамын. Мысалы, 3-сыныпта «Цикл» тақырыбын өткенде: «Тіс тазалағанда щетканы бір рет қана қозғайсыңдар ма?» деп сұраймын. Балалар бір қимылды бірнеше рет қайталайтынын айтады. Осыдан кейін «Алгоритмдегі әрекеттердің қайталануы цикл деп аталады» деп түсіндіремін. Содан соң «Бір рет қол шапалақта» нұсқауын бес рет айтып, оны «Бес рет қол шапалақта» деген бір нұсқаумен салыстырамыз. Scratch-тағы «5 рет қайтала» блогымен байланыстырғанда, оқушылар: «Ә, цикл бір әрекетті қайта-қайта жазбау үшін керек екен!» деген қорытындыға келеді. Түсінгенін білу үшін балалардан өз өмірінен циклге мысал келтіруді сұраймын. Мен үшін маңыздысы — ережені жатқа айтуы ғана емес, оны өз сөзімен түсіндіріп, қолдана алуы Менің кейсім 26 қараша 1 минуттық оқу