Күрделі тақырыпты оқушы «Ә, енді түсіндім!» дегенше қалай түсіндіресіз?
Күрделі тақырыпты балаға қалай түсіндіремін
Кішкентай балаларға (2 жас) «тепе-теңдік сақтау» деген ұғым өте күрделі. Сөзбен түсіндірсем, бала түсінбейді. Сондықтан мен оны ойын арқылы көрсетемін.
Еденге түрлі-түсті жол салып, «Көпірден өтейік, суға түсіп кетпейік!» деймін. Бала «көпірмен» жүргенде өз денесін өзі ұстауды үйренеді. Әдісім қарапайым: алдымен өзім көрсетемін, содан кейін баланың қолынан ұстап бірге өтемін, соңында өзі жалғыз жүреді.
Инклюзивті балаларға да осы тәсіл жарайды. Көпірдің енін кеңейтемін, биіктігін азайтамын, қолдау көрсетемін. Нәтижесінде бала «міндет орындап жатқан» жоқ, «ойнап жүр» деп қабылдайды. «Ә, енді түсіндім!» сәті осылай келеді: бала сөзді емес, қимылды түсінеді.