Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Т

Толкын Айдосова

Цифрлық жаңашыл Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

"Жақсы" мұғалімнің 2 сұрағы (1 бөлім) Барлық мұғалім "жақсы" мұғалім болуға тырысады. Ол өз пәнін жақсы білуге көп жігер салады. Алайда бұл "жақсы" мұғалім болуға жеткілікіз. Менің жеке ойым - пәндік білімнен бөлек, "жақсы" мұғалім осы 2 негізгі сұрақтың жауабын білу керек: *бірінші сұрақ: "*Мен барлық бала дамуға және оқуға қабілетті" деген тұжырымға шынымен сенемін бе? Мен жас маман болып мектепте жұмыс жасауды бастаған кезде, екі мұғалімнің әңгімесіне куә болған едім. Әңгіме бір оқушы туралы болды. Оның қабілеті жоқ, әкесі де сондай болғандығы айтылды. Бала 10 жаста. Мұғалім оның оқи алатынына сенбейді. Ол сенбеген соң, 10 жастағы бала да өзінің оқи алатына сенбейді. 10 жаста ғана, бірақ ол математиканы оқып үйрене алатынан сенімі жоқ (сонда педагогика, психология ғылымдары - адам өзгере алады, дами алады дегені өтірік пе?). Бұл әңгіме маған қатты әсер етті. Егер мұғалім баланың оқи алатынына сенбесе, ол оны оқытуға да тырыспайды, "өзі сондай" - деп қол бір сілтейді. Сондықтан бұл тұжырымға шынайы сену - кез келген баланы дамыта алатындай әдістерді ойлап табуға мұғалімді итермелейтін басты күш деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар? (жалғасы келесі) Менің кейсім 11 қараша 1 минуттық оқу