Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
А
Акшагул Нургалиева Негізін қалаушы
Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар

Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?

1 минуттық оқу

Еңбек жолымның алғашқы жылдарында балаларға бір нәрсені түсіндіріп жатып немесе тәртіпке шақырғанда «Қазір тыныш отырыңдар!» немесе «Тек қана мені тыңдаңдар!» деген сөздерді жиі қайталайтын едім.

​Кейіннен тәжірибе жинақтай келе бұл сөздердің балалардың еркін ойлануына, өз бетінше әрекет етуіне белгілі бір дәрежеде шектеу қоятынын түсіндім. Қазір бұл сөздерден мүлде бас тарттым.

​Ендігі кезекте оның орнына балаларды жалықтырмайтын, керісінше қызығушылығын оятып, ынталандыратын әдістерді қолданамын. Мысалы, тыныштық сақтауды қажет етсем: «Ал, балалар, құлағымызды түріп, сиқырлы сәтті бастайық» немесе «Кімнің көзі жайнап, маған қарап тұр екен?» деп жұмсақ әрі ойын түрінде жеткіземін. Бұл балалардың назарын әлдеқайда жылдам аударып, сыныптағы жағымды атмосфераны сақтауға көмектеседі.

Менің кейсім
Жауап беру 1 минуттық оқу Оқығандар: 10
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.

Алғашқы болып жауап беріңіз

Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 203 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.