Бір жоспар, әртүрлі сыныптар — бұл қалай жүзеге асады?
Күрделі тақырыпты түсіндіруде оны оқушының күнделікті өмірімен байланыстырамын. Мысалы, 3-сыныпта «Цикл» тақырыбын өткенде: «Тіс тазалағанда щетканы бір рет қана қозғайсыңдар ма?» деп сұраймын. Балалар бір қимылды бірнеше рет қайталайтынын айтады. Осыдан кейін «Алгоритмдегі әрекеттердің қайталануы цикл деп аталады» деп түсіндіремін.
Содан соң «Бір рет қол шапалақта» нұсқауын бес рет айтып, оны «Бес рет қол шапалақта» деген бір нұсқаумен салыстырамыз. Scratch-тағы «5 рет қайтала» блогымен байланыстырғанда, оқушылар: «Ә, цикл бір әрекетті қайта-қайта жазбау үшін керек екен!» деген қорытындыға келеді.
Түсінгенін білу үшін балалардан өз өмірінен циклге мысал келтіруді сұраймын. Мен үшін маңыздысы — ережені жатқа айтуы ғана емес, оны өз сөзімен түсіндіріп, қолдана алуы