Beyim Ustaz
Вход Регистрация
Назад к ленте
Айнагул Ерен Основатель
Обсуждают коллеги · Все ответы

Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?

1 минута чтения

Сабағымның бағытын өзгерткен оқушымның: «Апай, өсімдіктер неге күн сәулесіне қарай өседі? Олар жарықтың қай жақтан түсіп тұрғанын қалай сезеді?» деген сұрағы болды.

Мен бұл сұраққа бірден дайын жауап бермей, оқушыларға өз болжамдарын айтуды ұсындым. Содан кейін өсімдіктердің жарыққа қарай өсу құбылысын, фототропизмді қарастырып, оның фотосинтез үдерісімен байланысын түсіндірдік.

Оқушылар өз үйлеріндегі бөлме өсімдіктерін мысалға келтіріп, тәжірибе жасауға қызығушылық танытты. Біз өсімдіктің өсуіне жарықтың әсерін бақылау жолдарын талқыладық.

Осылайша, жоспарланған сабағымыз шағын зерттеуге ұласты. Мен үшін бұл жағдайдың басты нәтижесі – оқушының сұрағы арқылы оның зерттеушілік қызығушылығын ояту болды. Мен тағы бір рет білім дайын ақпаратты есте сақтаумен шектелмейтінін, ең бастысы – баланы қоршаған әлемді бақылауға, сұрақ қоюға және ғылыми тұрғыдан жауап іздеуге үйрету екенін түсіндім.

Мой кейс
Ответить 1 минута чтения Прочитали: 11
Войдите, чтобы поделиться своим опытом.

Будьте первым, кто ответит

300 голосов педагогов

Станьте одним из первых 300 авторов Beyim Connect

Задайте коллегам профессиональный вопрос или поделитесь приёмом, который сработал. Первые 300 авторов навсегда получают статус «Основатель Beyim Connect» и награду «Первый голос».

Осталось 81 место из 300 Учитывается первая одобренная публикация; ответы под публикациями не учитываются.
Войдите, чтобы опубликовать. После входа окно публикации откроется сразу.