Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Айнагул Ерен

Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді? Сабағымның бағытын өзгерткен оқушымның: «Апай, өсімдіктер неге күн сәулесіне қарай өседі? Олар жарықтың қай жақтан түсіп тұрғанын қалай сезеді?» деген сұрағы болды. Мен бұл сұраққа бірден дайын жауап бермей, оқушыларға өз болжамдарын айтуды ұсындым. Содан кейін өсімдіктердің жарыққа қарай өсу құбылысын, фототропизмді қарастырып, оның фотосинтез үдерісімен байланысын түсіндірдік. Оқушылар өз үйлеріндегі бөлме өсімдіктерін мысалға келтіріп, тәжірибе жасауға қызығушылық танытты. Біз өсімдіктің өсуіне жарықтың әсерін бақылау жолдарын талқыладық. Осылайша, жоспарланған сабағымыз шағын зерттеуге ұласты. Мен үшін бұл жағдайдың басты нәтижесі – оқушының сұрағы арқылы оның зерттеушілік қызығушылығын ояту болды. Мен тағы бір рет білім дайын ақпаратты есте сақтаумен шектелмейтінін, ең бастысы – баланы қоршаған әлемді бақылауға, сұрақ қоюға және ғылыми тұрғыдан жауап іздеуге үйрету екенін түсіндім. Менің кейсім 18 қараша 1 минуттық оқу