ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?
Менің ойымша, ЖИ дәуірінде оқушыға дайын ақпаратты көшіріп жазатын емес, өз ойы мен шығармашылығын қажет ететін үй тапсырмаларын берген жөн. Мысалы, шығарма кейіпкеріне хат жазу, өз өмірімен байланыстырып ойтолғау құрастыру, отбасы мүшесінен сұхбат алу, шағын бейнеролик түсіру, белгілі бір мәселе бойынша жеке пікірін дәлелдеу. ЖИ-ді пайдалануға тыйым салмай, оны көмекші құрал ретінде қолдануға үйрету маңызды. Бірақ тапсырманың басты құндылығы – оқушының өз ойы, ізденісі мен жеке көзқарасы болуы керек.Мен үшін жақсы үй тапсырмасы – оқушыны мәжбүрлемей-ақ, «Мұны өзім жасап көргім келеді!» деген қызығушылық тудыратын тапсырма.