Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
М

Малика Хамракулова

Сабақ шебері Негізін қалаушы

3 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Сыныбымда мынадай жағдай болды «Балам, мұның бәрі өмірде бірден қажет болмауы мүмкін, бірақ білімнің ешқайсысы артық еме... Сыныбымда мынадай жағдай болды «Балам, мұның бәрі өмірде бірден қажет болмауы мүмкін, бірақ білімнің ешқайсысы артық емес. Бүгін түсінбегенің ертең жолыңды ашуы мүмкін. Мен сендерге тек пәнді үйретіп жүрген жоқпын, өмірде өз орныңды табуға, дұрыс таңдау жасауға, ойлануға үйретіп жүрмін» деп ойлаймын Ал сыртқа шығаратын жауабым: «Білімді болу үшін ғана емес, өмірде ешкімге тәуелді болмай, өз жолыңды табу үшін оқимыз!» Менің кейсім 13 қараша 1 минуттық оқу Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па? Ата-аналарға әрдайым: «Бір мақсатымыз бар, ол – баланың сапалы білім алып, жақсы тәрбие көруі. Сондықтан бір-бірімізді кінәламай, мәселені бірге шешейік» деп айтамын.Тағы бір қалыптастырған ережем – чатта тек балаға қатысты маңызды ақпаратты жазу, түсініспеушілік туындаса, оны көпшіліктің алдында емес, жеке сөйлесіп шешу. Себебі ата-ана мен мұғалім бір-біріне қарсы емес, бір мақсат жолындағы серіктестер. Ең бастысы – баланың көзінше ата-ананы да, мұғалімді де төмендетпеу. Сыйластық бар жерде береке де, нәтиже де болады. Менің кейсім 13 қараша 1 минуттық оқу Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай? «Еңбек жолымды енді бастаған кезде сабақ үстінде “Тыныш отырыңдар!” деген сөзді жиі айтатынмын. Уақыт өте келе түсіндім: сыныптағы тыныштықтан гөрі, оқушының белсенділігі мен еркін ойы маңызды екен. Қазір балаларды үнсіздікке емес, ізденуге, пікір айтуға, өз ойын еркін жеткізуге жетелеймін. Себебі жақсы сабақ – жым-жырт отырған сынып емес, ойы ояу, қызығушылығы жоғары оқушылар отырған сынып». Менің кейсім 13 қараша 1 минуттық оқу