Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын ояту үшін тәжірибелік және зерттеушілік әдістерді жиі қолданамын.
Бір сабақта «Осмос құбылысы» тақырыбын өткенде оқушыларға картоп бөліктерін тұзды және таза суға салып, қандай өзгеріс болатынын болжауды ұсындым. Тәжірибені көрген оқушылардың бірі: «Апай, мен де өзім жасап көрсем бола ма?» деп сұрады.
Сол сәтте оқушының қызығушылығын оятқан нәрсе дайын ақпарат емес, өз болжамын тәжірибе арқылы тексеру мүмкіндігі екенін түсіндім.
Менің ойымша, оқушыға дайын жауап бермей, оны өздігінен ізденуге жетелеу – сабақтағы ең тиімді әдістердің бірі. Себебі оқушы өзі байқап, тәжірибе жасап, қорытынды шығарғанда білімді тереңірек меңгереді.