Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Мысалы, бастауыш сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіргенде дайын жауапты бірден бермей, оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын. «Қалай ойлайсыңдар, мұны өздерің орындап көрсеңдер, қандай нәтиже шығады?» деп бағыт беремін. Оқушыларға өз болжамдарын айтып, тәжірибе жасап, нәтижесін салыстыруға мүмкіндік беремін.
Осындай кезде оқушылардың бойында ерекше қызығушылық пайда болып, әрқайсысы тапсырманы өз бетінше орындауға асығады. Менің ойымша, баланың ынтасын арттыратын ең тиімді әдіс – оған дайын білімді ұсыну емес, өз бетімен ізденуге, қателесуге, қайта байқап көруге мүмкіндік беру. Өйткені бала өзі жасап көрген нәрсені жақсы түсінеді әрі ұзақ есте сақтайды.