0 ? true : false" />
Қаз
Қазақша
Русский
English
Кіру
Тіркелу
Лентаға оралу
А
Азамат Бисоков
Тәжірибесін зерттеуші
Негізін қалаушы
1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы
Жазылу
Жарияланымдар
Мақалалар
Жауаптар
Мектептегі тәлімгерлік: Нақты көмек пе, әлде кезекті «қалың папка» ма?
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Жас маман мектеп табалдырығын аттағанда, оған ең бірінші керегі — теория емес, сенім мен қолдау. Осы мақсатта әр жас маманға тәлімгер бекітіледі. Бірақ шынайы өмірде бұл жұптың жұмысы қалай жүріп жатыр? Осы орайда, тәлімгер мен жас маман арасындағы қарым-қатынаста жиі кездесетін, бірақ ашық айтыла бермейтін өзекті мәселелерге тоқталып өтейін. Көп жағдайда тәлімгер мен жас маман тек оқу жылының басында жоспар бекітіп, соңында есеп тапсыру үшін ғана кездеседі. Қалың папкалар жиналады, бірақ соңында мардымды нәтиже жоқ. Бізге папка толтыратын тәлімгер керек пе, әлде сабаққа бірге дайындалатын серіктес керек пе? Келесі мәселе, тәжірибелі ұстаз жас маманның сабағына кірген кезде, оған бағыт берудің орнына қателігін теріп, сынның астына алады. Соның салдарынан жас маман тәлімгерінен қорқатын болады, ашылып сұрақ қоя алмайды. Осының салдарынан өзіне деген, қызығушылықпен таңдап келген педагогикалық қызметіне сенімсіздікпен қарап, ішкі уәжі төмендей түседі. Жас маман мектеп табалдырығын аттағанда, оған ең бірінші керегі — теория емес, сенім мен қолдау қажет деп ойлаймын. Тәжірибелі тәлімгер — тексерушісі емес, ол — жас маманның қорғаны әрі бағыттаушысы болуы тиіс. Бұл мәселенің тағы бір қыры, тәлімгердің өзінде жүктемесінің көп болуы, сынып жетекшілік, бірлестік жетекшілігі, БЖБ мен ТЖБ-сы, есеп-қисабы және бар. Оның жас маманмен отырып, сабақ талдауға физикалық тұрғыда уақыты мен энергиясы жетпейді. Осы тұста "Жүктемесі көп мұғалім сапалы тәлімгер бола алады ма?"-деген сұрақ туындайды. Тағы бір байқағаным, қазіргі қоғамда соның ішінде педагогика саласында «ұрпақтар қақтығысы» деген сөз тіркесі көп айтылып келеді. Аға буын дәстүрлі әдістеме мен қатаң тәртіпті құптаса, жас буын еркіндікті, цифрлық технологияларды, ойын түрлерін қолданғысы келеді. Кейде тәлімгер жас маманның жаңашылдығын «тәртіпсіздік» деп қабылдап, қанатын қырқып тастайды. Тәлімгер жас маманды өзінің көшірмесі етіп шығармауы керек, керісінше оның өз стилін табуына көмектесуі қажет. Нағыз тәлімгерлік — бұл тек ақыл-кеңес айту емес, иық тіресіп бірге сабақ жоспарлау, сәтсіздіктен қорықпауға үйрету және жас маманның цифрлық дағдыларын да өзіне сіңіре білу (кері тәлімгерлік) деп өз ойымды қорытындылаймын. Әріптестер, сіз алғаш мектепке келгенде тәлімгеріңізден қандай көмек алдыңыз? Ал қазір тәлімгер ретінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп жүрсіз? Пікірде бөлісейік!
Мақала
Кәсіби сұрақ
18 қараша
2 минуттық оқу
items = items.filter(i => i.id !== id), 2600)">