Beyim Ustaz
Вход Регистрация
Назад к ленте
Азамат Бисоков Исследователь практики Основатель

Мектептегі тәлімгерлік: Нақты көмек пе, әлде кезекті «қалың папка» ма?

2 минуты чтения

Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Жас маман мектеп табалдырығын аттағанда, оған ең бірінші керегі — теория емес, сенім мен қолдау. Осы мақсатта әр жас маманға тәлімгер бекітіледі. Бірақ шынайы өмірде бұл жұптың жұмысы қалай жүріп жатыр? Осы орайда, тәлімгер мен жас маман арасындағы қарым-қатынаста жиі кездесетін, бірақ ашық айтыла бермейтін өзекті мәселелерге тоқталып өтейін. Көп жағдайда тәлімгер мен жас маман тек оқу жылының басында жоспар бекітіп, соңында есеп тапсыру үшін ғана кездеседі. Қалың папкалар жиналады, бірақ соңында мардымды нәтиже жоқ. Бізге папка толтыратын тәлімгер керек пе, әлде сабаққа бірге дайындалатын серіктес керек пе?

Келесі мәселе, тәжірибелі ұстаз жас маманның сабағына кірген кезде, оған бағыт берудің орнына қателігін теріп, сынның астына алады. Соның салдарынан жас маман тәлімгерінен қорқатын болады, ашылып сұрақ қоя алмайды. Осының салдарынан өзіне деген, қызығушылықпен таңдап келген педагогикалық қызметіне сенімсіздікпен қарап, ішкі уәжі төмендей түседі. Жас маман мектеп табалдырығын аттағанда, оған ең бірінші керегі — теория емес, сенім мен қолдау қажет деп ойлаймын. Тәжірибелі тәлімгер — тексерушісі емес, ол — жас маманның қорғаны әрі бағыттаушысы болуы тиіс.

Бұл мәселенің тағы бір қыры, тәлімгердің өзінде жүктемесінің көп болуы, сынып жетекшілік, бірлестік жетекшілігі, БЖБ мен ТЖБ-сы, есеп-қисабы және бар. Оның жас маманмен отырып, сабақ талдауға физикалық тұрғыда уақыты мен энергиясы жетпейді. Осы тұста "Жүктемесі көп мұғалім сапалы тәлімгер бола алады ма?"-деген сұрақ туындайды.

Тағы бір байқағаным, қазіргі қоғамда соның ішінде педагогика саласында «ұрпақтар қақтығысы» деген сөз тіркесі көп айтылып келеді. Аға буын дәстүрлі әдістеме мен қатаң тәртіпті құптаса, жас буын еркіндікті, цифрлық технологияларды, ойын түрлерін қолданғысы келеді. Кейде тәлімгер жас маманның жаңашылдығын «тәртіпсіздік» деп қабылдап, қанатын қырқып тастайды. Тәлімгер жас маманды өзінің көшірмесі етіп шығармауы керек, керісінше оның өз стилін табуына көмектесуі қажет. Нағыз тәлімгерлік — бұл тек ақыл-кеңес айту емес, иық тіресіп бірге сабақ жоспарлау, сәтсіздіктен қорықпауға үйрету және жас маманның цифрлық дағдыларын да өзіне сіңіре білу (кері тәлімгерлік) деп өз ойымды қорытындылаймын.

Әріптестер, сіз алғаш мектепке келгенде тәлімгеріңізден қандай көмек алдыңыз? Ал қазір тәлімгер ретінде қандай қиындықтармен бетпе-бет келіп жүрсіз? Пікірде бөлісейік!

Статья Профессиональный вопрос
2 ответа 2 минуты чтения Прочитали: 31
Войдите, чтобы поделиться своим опытом.

2 ответа

Индира Кабылова Педагог для каждого 20 часов назад
Менің ойымша, тәлімгерлік – қағаз жүзіндегі міндет емес, үлкен жауапкершілік пен адами қолдауға негізделген жұмыс. Жас маманға есеп пен жоспардан бұрын, жанынан табылатын, тәжірибесімен бөлісетін, қателігін түзетуге көмектесетін сенімді әріптес қажет. Тәлімгер тек бағыт көрсетіп қана қоймай, жас маманмен бірге сабаққа дайындалып, ашық пікір алмасып, оның кәсіби дамуына ықпал етуі керек. Ең бастысы, тәлімгерлік бақылау емес, қолдау мәдениетіне айналуы тиіс. Себебі жақсы тәлімгер жас маманға дайын жолды көрсетпейді, өз жолын табуға көмектеседі!
Шынар Нұрмұхамбетова 11 часов назад
Әрине, жанында көп тәдирибесі бар маман керек
300 голосов педагогов

Станьте одним из первых 300 авторов Beyim Connect

Задайте коллегам профессиональный вопрос или поделитесь приёмом, который сработал. Первые 300 авторов навсегда получают статус «Основатель Beyim Connect» и награду «Первый голос».

Осталось 81 место из 300 Учитывается первая одобренная публикация; ответы под публикациями не учитываются.
Войдите, чтобы опубликовать. После входа окно публикации откроется сразу.