Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Менің ойымша, ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі. Себебі ол мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, баланың білім алуына ортақ жауапкершілік қалыптастырады.
Бірақ чат мұғалімнің жұмыс уақыты аяқталмайтын сабаққа айналмауы керек. Мұғалімнің де жеке уақыты мен демалысы бар.
Ең бастысы — ата-ана мен мұғалім бір-біріне талап қоюшы емес, баланың болашағы үшін серіктес болуы ке
рек!
Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Менің ойымша, ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі. Себебі ол мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, баланың білім алуына ортақ жауапкершілік қалыптастырады.
Бірақ чат мұғалімнің жұмыс уақыты аяқталмайтын сабаққа айналмауы керек. Мұғалімнің де жеке уақыты мен демалысы бар.
Ең бастысы — ата-ана мен мұғалім бір-біріне талап қоюшы емес, баланың болашағы үшін серіктес болуы керек!
Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?
Бірде оқушының: «Апай, біз бұл білімді өмірде қай жерде қолданамыз?» деген сұрағы сабағымның бағытын өзгертті.
Сол сәтте дайын тақырыпты түсіндіруден гөрі, өмірмен байланысты мысалдар келтіріп, оқушылардың өз ойларын ортаға салуына мүмкіндік бердім.
Сол кезде түсінгенім: жақсы сабақ — мұғалім көп сөйлеген сабақ емес, оқушы көп ойланған са
бақ!
Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?
Ішімнен: «Бәлкім, дәл қазір бұл білімнің не үшін қажет екенін түсінбессің, бірақ ертең өмірде өз жолыңды табуға, дұрыс шешім қабылдауға және ешкімге тәуелді болмай, өз бетіңше ойлауға көмектеседі» деп айтамын.
Өйткені біз балаларға тек пәнді үйретпейміз, біз оларды өмірге дайындаймыз. Білімнің ең үлкен құндылығы да осында.
Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Менің ойымша, ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі. Бірақ ол дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана.
Ата-аналар чаты мұғалім мен ата-ананың арасындағы байланысты нығайтып, баланың оқуына, тәрбиесіне бірге жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Мұғалім барлық мәселені жалғыз шешпеуі керек, ата-ана да мектеп өміріне белсенді араласуы қажет.
Алайда чат тәулік бойы жұмыс істейтін сабаққа айналмауы тиіс. Мұғалімнің де жеке уақыты, отбасы және демалысы бар. Сондықтан өзара сыйластық, түсіністік және ортақ тәртіп маңызды.
Қорытынды: Ата-аналар чаты мұғалімге қосымша жүк емес, ортақ мақсатқа жетелейтін көпір болуы керек. Өйткені бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті!