Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Менің ойымша, ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі. Бірақ ол дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ғана.
Ата-аналар чаты мұғалім мен ата-ананың арасындағы байланысты нығайтып, баланың оқуына, тәрбиесіне бірге жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Мұғалім барлық мәселені жалғыз шешпеуі керек, ата-ана да мектеп өміріне белсенді араласуы қажет.
Алайда чат тәулік бойы жұмыс істейтін сабаққа айналмауы тиіс. Мұғалімнің де жеке уақыты, отбасы және демалысы бар. Сондықтан өзара сыйластық, түсіністік және ортақ тәртіп маңызды.
Қорытынды: Ата-аналар чаты мұғалімге қосымша жүк емес, ортақ мақсатқа жетелейтін көпір болуы керек. Өйткені бала тәрбиесі — мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті!