Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Гүлнара Қонырова

Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Сабақ барысында бір оқушым қате жауап беруден қорқып, тапсырмаларды орындауға белсенді қатыспайтын. Жауабын білсе де, қо... Сабақ барысында бір оқушым қате жауап беруден қорқып, тапсырмаларды орындауға белсенді қатыспайтын. Жауабын білсе де, қол көтеруге жасқанатын, жауапты қорқақтап, сыбырлап айтатын. Қолданған тәсілім: Оқушының әрбір талпынысын қолдап, "Сенің ойың біз үшін маңызды", "Жауап беруді алғаш болып бастап бергеніңді қалаймын", "Сен дұрыс жауабын білетін секілдісің", "Жақсы бастадың, енді бірге толықтырайық" деген қолдау сөздер мен сындарлы кері байланыс бердім. Алдымен жұпта талқылап, кейін сынып алдында жауап беруіне мүмкіндік жасадым. Уақыт өте оқушының өзіне деген сенімділігі артып, сабаққа белсенді қатыса бастады. Өз ойын еркін жеткізуге талпынды. Түйген ойым: Оқушының қатесін сынаудан гөрі, оның талпынысын қолдау және жетістігін байқау тиімді нәтиже береді. Оқушы өзіне сенген және өзін қауіпсіз сезінген ортада ғана еркін ойланып, білім алуға ұмтылады. Нәтиже берген тәсіл 17 қараша 1 минуттық оқу