Beyim Ustaz
Вход Регистрация
Назад к ленте
Гүлнара Қонырова Основатель
1 минута чтения

Сабақ барысында бір оқушым қате жауап беруден қорқып, тапсырмаларды орындауға белсенді қатыспайтын. Жауабын білсе де, қол көтеруге жасқанатын, жауапты қорқақтап, сыбырлап айтатын.

Қолданған тәсілім: Оқушының әрбір талпынысын қолдап, "Сенің ойың біз үшін маңызды", "Жауап беруді алғаш болып бастап бергеніңді қалаймын", "Сен дұрыс жауабын білетін секілдісің", "Жақсы бастадың, енді бірге толықтырайық" деген қолдау сөздер мен сындарлы кері байланыс бердім. Алдымен жұпта талқылап, кейін сынып алдында жауап беруіне мүмкіндік жасадым.

Уақыт өте оқушының өзіне деген сенімділігі артып, сабаққа белсенді қатыса бастады. Өз ойын еркін жеткізуге талпынды.

Түйген ойым: Оқушының қатесін сынаудан гөрі, оның талпынысын қолдау және жетістігін байқау тиімді нәтиже береді. Оқушы өзіне сенген және өзін қауіпсіз сезінген ортада ғана еркін ойланып, білім алуға ұмтылады.

Что сработало
Ответить 1 минута чтения Прочитали: 4
Войдите, чтобы поделиться своим опытом.

Будьте первым, кто ответит

300 голосов педагогов

Станьте одним из первых 300 авторов Beyim Connect

Задайте коллегам профессиональный вопрос или поделитесь приёмом, который сработал. Первые 300 авторов навсегда получают статус «Основатель Beyim Connect» и награду «Первый голос».

Осталось 108 мест из 300 Учитывается первая одобренная публикация; ответы под публикациями не учитываются.
Войдите, чтобы опубликовать. После входа окно публикации откроется сразу.