Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?
«Апай, егер Жер тартылыс күшіне ие болса, неге Ай Жерге құлап кетпейді?» деген сұрағы сабақтың бағытын өзгертіп жіберді.
Мен дайын жауапты бірден айтпай, оқушыларға ойлануды ұсындым. «Сендердің ойларыңша, Айды Жерге құлатпай ұстап тұрған не?» деп қарсы сұрақ қойдым. Осылайша біз бүкіл сыныппен бірге тартылыс күші, Айдың қозғалысы және орбиталық қозғалыс туралы талқылауға көштік.
Оқушылар өз болжамдарын айтып, қызығушылықпен пікір алмасты. Сол сәтте жоспарланған сабақтан сәл ауытқығанымызбен, физикалық құбылысты өмірмен байланыстыра отырып, тақырыпты тереңірек түсіндік.Бір ғана сұрақ тұтас сабақтың бағытын өзгертетін кездер жиі кездеседі.
Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?
Оқушыға болашағың үшін оқисың,елімізде өндірістерде жасайсың,сол кезде керек болады деймінде,бірақ ішімнен ешқандай өндірістің жоқ екендігі жаныңды ауыртады.Жапон елдері,өзге де дамыған елдер сияқты мектепте алған білімдерін тұрмыста қолданса,бұлай қиналмас едік.
Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Ата-аналар чаты мен үшін көмекші,себебі қазіргі ұрпақтың тәрбиесі өте қиын.Әр күнді мүмкіндігінше хабарлап отырсап,біраз жауапкершіліктен босайтын сияқтымын.
Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?
Алғашында тыныш отырыңдар,тыңдаңдар деп көп уақытта өзім сөйлеп,есептің көпшілігін өзім шығарады екенмін,ал қазір «Қалай ойлайсыңдар?», «Өз пікірлеріңді айтып көріңдерші», «Қателесуден қорықпаңдар, бірге талқылайық» деген сөздерді қолданамын.Заман талабына сәйкес оқушының үнсіз тыңдауы емес, еркін ойлауы, өз ойын жеткізуі және белсенді әрекет етуі керек.
Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Менің сабағымда оқушылардың «Өзім байқап көрсем бола ма?» деп қызығушылық танытатын сәті – оларға дайын жауапты бермей, өз бетімен ізденуге мүмкіндік берген кезде болады.
Мысалы, бір сабақта оқушыларға қызықты тәжірибе немесе практикалық тапсырма ұсындым. «Қалай ойлайсыңдар, егер осылай жасап көрсек, нәтиже қандай болады?» деп сұрақ қойдым. Оқушылар өз болжамдарын айтып, тәжірибе жасап, нәтижесін өз көздерімен көрді. Сол сәтте олардың бойында ерекше қызығушылық пайда болып, әрқайсысы тапсырманы өздігінен орындауға асықты.
Менің ойымша, оқушының ынтасын оятатын ең тиімді әдіс – оған сенім білдіру, еркіндік беру және зерттеуге жетелеу. Өйткені бала өзі байқап, өзі қорытынды жасағанда, білімді тереңірек меңгереді.