Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Г
Габиден Турекешов Сабақ шебері Негізін қалаушы

Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?

1 минуттық оқу

«Чаттың да өз уақыты бар!»

Ата-аналарға мынадай ұсыныс жасар едім:

Чат тек оқу-тәрбие мәселелерін талқылауға арналған.

Хабарламалар жұмыс уақытында жазылады.

Жеке мәселелер жеке хабарлама арқылы шешіледі.

Бір-біріміздің пікірімізді құрметтеп, орынсыз сыннан аулақ боламыз.

Ата-аналарға былай деп түсіндірер едім:

«Құрметті ата-аналар! Біздің ортақ мақсатымыз – бала тәрбиесі мен сапалы білім. Мен әр сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Дегенмен, мұғалімнің де жеке уақыты мен отбасы бар екенін түсінулеріңізді сұраймын. Бір-бірімізді құрметтеп, байланысымызды тиімді ұйымдастырайық. Сонда чат та көмекші, қарым-қатынасымыз да нәтижелі болады!»

Түйін: Ата-аналар чаты – мұғалімге қысым жасайтын құрал емес, бала жетістігі үшін мұғалім мен ата-ананы біріктіретін көпір болуы керек. Ең бастысы – шекара мен сыйластық!

Менің кейсім
Жауап беру 1 минуттық оқу Оқығандар: 4
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.
Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 254 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.