Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар
Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?
Тапсырма орындау кезінде оқушым: «Бұл тапсырманы қазір жасанды интеллект (ЖИ) бір секундта орындай алады ғой, онда бізге мұны үйренудің қажеті қанша?» — деп сұрады. Мен оның пікірін жоққа шығармай, керісінше қолдап, сабақтың бағытын технологияларды дұрыс қолдану тақырыбына бұрдым. Біз ЖИ-дің тек көмекші құрал екенін, ал сыни ойлау мен шешім қабылдау тек адамға тән қасиет екенін талқыладық. Оқушылар өз бетімен ойланудың маңыздылығын түсініп, тапсырмаға жаңаша көзқараспен кірісті.
Менің кейсім
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.