Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
«Өзім байқап көрсем бола ма?»Менің сабағымда осындай сәт жиі болады. Ең есімде қалғаны - «Онайық та, ойлайық» конкурсына дайындық кезінде болды. Тақтада мысалдар көрсеттім, белгілі әртістермен есептеу жолдарын үйреттім. Сол кезде әдетте тыныш отыратын бір оқушым қол көтеріп:Апай, өзім байқап көрсем бола ма? - деді. Мен оған тақтаға шығуға рұқсат бердім. Ол алдымен қобалжып тұрды, кейін өзі таңдаған әдіспен есеп шығара бастады. Сыныптың бәрі қол соқты. Сол сәттен кейін басқа балалар да «мен де көрейін» деп кезекке тұрды.Менің қолданған әдісім - «өзің байқап көр» әдісі. Яғни, дайын мысалды тек көрсетіп қоймай, оқушыға өзі орындауға мүмкіндік беру. Тапсырманы «дұрыс істе» деп емес, «қалай сезінесің, өзің байқап көр» деп бердім.Осыдан кейін түсіндім: оқушының ынтасын оятатын ең күшті сөз - «Сен жасай аласың, байқап көр!» деген сенім.