Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Менің сабағымда оқушылардың «Өзім байқап көрсем бола ма?» деген қызығушылығын оятатын сәттер көбіне практикалық тапсырмалар орындау кезінде болады. Әсіресе, информатика сабағында оқушыларға дайын шешімді бермей, мәселені өз бетімен шешуге мүмкіндік беремін. Мысалы, Python бағдарламалау немесе робототехника сабақтарында белгілі бір тапсырма ұсынып, оны бірнеше жолмен орындауға бағыттаймын. Оқушы өз идеясын ұсынып, оны тәжірибе жүзінде тексерген кезде бойында ерекше қызығушылық пайда болады. Менің ойымша, баланың ынтасын арттыратын ең тиімді әдіс – оған дайын білімді ұсыну емес, өздігінен ізденіп, байқап көруге мүмкіндік беру.