Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Марина Жаксылыкова Негізін қалаушы
Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?

1 минуттық оқу

Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, ішімнен: «Өйткені өмірде бәрі дайын жауаппен берілмейді, балақай…» — деймін.

Сен болашақта осы формуланы күн сайын қолданбауың мүмкін. Сөйлемге талдау жасау да күнделікті қажет бола бермес. Бірақ есеп шығарғанда — шешім іздеуді, мәтін оқығанда — ойды түсінуді, пікір жазғанда өз көзқарасыңды дәлелдеуді үйренесің. Қиын тапсырмамен жұмыс істегенде шыдамдылық танытып, қателескен соң қайта байқап көруге дағдыланасың.

Бір күні алдыңнан оқулықта жауабы жоқ мәселе шығады. Сол кезде ақпаратты салыстырып, дұрыс сұрақ қойып, өз бетіңше шешім қабылдай білуің керек болады. Бүгінгі сабақтар сол қабілеттеріңді біртіндеп қалыптастырады.

Ал кейде ішімнен күліп: «Осы сұрақты қойғаныңның өзі жақсы: демек, сен оқудың мәнін түсінгің келеді. Енді соны бірге іздейік», — деймін.

Менің кейсім
Жауап беру 1 минуттық оқу Оқығандар: 4
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.

Алғашқы болып жауап беріңіз

Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 74 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.