Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Жұлдыз Әділбек Негізін қалаушы
Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?

1 минуттық оқу

Менің ойымша, ЖИ дәуірінде балаларға дайын ақпаратты көшіріп жазатын емес, өз ойымен ізденіп, шығармашылық қабілетін көрсететін тапсырмалар берген дұрыс.

Мысалы, «Менің отбасым», «Менің сүйікті ойыншығым», «Табиғатты бақыла» тақырыптарында шағын шығармашылық тапсырмалар беремін. Балалар өздері бақылап, сурет салып, көргендерін өз сөздерімен әңгімелеп береді.

Бұл тапсырманың сәтті тұсы – әр баланың жеке ойы, қиялы мен шығармашылығы көрінеді. Сонымен қатар балалардың сөйлеу тілі дамып, өз бетінше шешім қабылдауға және ізденуге қызығушылығы артады.

Ең бастысы, ЖИ баланың орнына орындаушы емес, тек көмекші құрал болуы керек. Баланың өз еңбегі мен жеке көзқарасын бағалау маңызды.

Сабақ идеясы
Жауап беру 1 минуттық оқу Оқығандар: 2
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.

Алғашқы болып жауап беріңіз

Педагогтердің 300 үні

Beyim Connect-тегі алғашқы 300 автордың бірі болыңыз

Кәсіби сұрақ қойыңыз немесе нәтиже берген тәсіліңізбен бөлісіңіз. Алғашқы 300 автор «Beyim Connect негізін қалаушысы» мәртебесін және «Алғашқы үн» марапатын алады. Мәртебе профилінде біржола сақталады.

300 орынның әлі 78 орны бос Алғашқы мақұлданған жазбаңыз ғана есепке алынады, ал жазбаларға қалдырған жауаптарыңыз есептелмейді.
Жариялау үшін жүйеге кіріңіз. Кірген соң жазба терезесі бірден ашылады.