Темирлан Маликов
Основатель
Курстан түйген ең басты ойым Курстан түйген ең басты ойым — дене шынықтыру сабағында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды шеттетпей, олардың мүмкіндігіне сай қозғалыс белсенділігіне тарту. Өз тәжірибемде жаттығуларды бейімдеу және «Тең-теңімен» (жұптық қолдау) тәсілі өте жақсы нәтиже берді.
Қолдану барысы:
- Жаттығуларды бейімдеу: Жалпы сыныпқа берілген күрделі нормативтердің орнына ерекше балаларға қолжетімді балама нұсқалар ұсындым (мысалы, допты алыстан лақтырудың орнына жақын қашықтықтан себетке салу немесе жеңілдетілген эстафета кезеңдері).
- Көрнекілік пен ым-ишара: Ережелерді ұзақ түсіндірмей, қимыл-қозғалыспен көрсетіп, визуалды белгілер (ысқырық, түрлі-түсті конустар) арқылы бағыт бердім.
- Жұптық және топтық ойындар: Командалық ойындарда әр оқушыға өз шамасына қарай маңызды рөл бердім (мысалы, ұпай есептеу, доп беру немесе бастапқы кезеңде жүгіру).
Нәтижесі:
Бұл тәсіл оқушылардың қорқынышын сейілтіп, сабаққа деген ынтасын оятты. Сыныптастарымен бірге командада ойнау арқылы олардың коммуникативтік дағдылары жақсарып, өз-өзіне деген сенімділігі артты.
Что сработало
Ответить
· 1 отметка «Полезный опыт»
Войдите, чтобы поделиться своим опытом.