Оқушының қай сұрағы сабағыңыздың бағытын бір сәтте өзгертіп жіберді?
Бірде сабақ барысында оқушым: «Апай, біз бұл тақырыпты өмірде қай жерде қолданамыз?» – деп сұрады. Бұл сұрақ мені терең ойландырды. Себебі оқушыға тек теорияны түсіндіру жеткіліксіз екенін, білімнің өмірмен байланысын көрсету маңызды екенін түсіндім.
Мен оған күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіріп, тақырыпты өмірлік жағдаяттармен байланыстырып түсіндірдім. Содан кейін сабақтың бағытын өзгертіп, оқушыларды өздері мысал келтіріп, зерттеп, ой қорытуға жетеледім.
Нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі күшейді. Сол сәтте мен оқушының бір ғана сұрағы мұғалімге де жаңа көзқарас сыйлап, сабақты жаңаша ұйымдастыруға түрткі болатынын түсіндім.