Курстан түйген ең басты ойым Курс барысында көптеген пайдалы мәлімет алып, өзіме қажетті ой түйдім. Ең бастысы, басшылық ету тек тапсырма беріп, бақылау жүргізу емес, ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдыра білу, әр қызметкердің әлеуетін ашу және дұрыс шешім қабылдау екенін түсіндім.
Алған білімімді күнделікті жұмысымда тиімді пайдаланып, басқарушылық қабілетімді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік алдым. Курс теориялық біліммен қатар, тәжірибеге бағытталған жаңа көзқарас қалыптастырды.
Түйгенім: жақсы басшы болу – тек басқару емес, үлгі болу, тыңдай білу және бірге даму.