Ж
Әріптестер талқылайтын сұрақтар · Барлық жауаптар
Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Ата-аналар чаты — мен үшін көмекші, бірақ ережесі болғанда ғана.Менің басты ережем: чатта тек ақпарат, жеке мәселе — тек жекеге.Чатқа тек сабақ кестесі, үй тапсырмасы, маңызды хабарландыру жазамын. Баланың бағасын, тәртібін чатта ешқашан талқыламаймын.Бір жолы ата-аналар чатта бір баланың бағасын талқылай бастағанда: «Әр бала — жеке әлем, оны чатта талқыламайық» деп жаздым. Содан кейін чат тынышталды.Ереже болса — чат көмекші, ереже болмаса — соғылмайтын қоңырау.
Менің кейсім
Тәжірибеңізбен бөлісу үшін Кіріңіз.