Өзім жайлы
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру саласында жұмыс жасап жатқаныма 12 жыл.
Осы уақыт аралығында 14 біліктілікті арттыру білім беру курсы бойынша Қазақстан республикасының 3000 жуық мұғалімдерін оқыттым.
«Тренер -зерттеуші» байқауында үздік авторлық зерттеу жұмысының жүлдегері. Жетісу облысында «Іс әрекеттегі зерттеу және Сабақты зерттеу» бағытында мектеп мұғалімдерімен бірлескен зерттеу жұмыстары бойынша 11 әдістемелік нұсқаулық авторы.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Үшінші (негізгі) деңгей» курс бағдарламасының авторларының бірімін.
2020- 2021 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған Модульдік бағдарламаның әзірлемесін дайындау тобының мүшесі және Педагогтің зерттеушілік қызметі: Action Research & Lesson Study бағдарламасын әзірлеуге ат салыстым.
Ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдердің пәндік құзыреттілігі дамытуда және Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары (негізгі деңгей) бойынша курс бағдарламаларын өткізуде үлкен үлес қосудамын.
Курс бағдарламаларын өткізу барысында тренер ретінде үздіксіз кәсіби дайындықтың маңыздылығын, өмір бойы білім алуды басты назарда ұстанамын!
Болашақтың кілті – терең білім мен дағды, кәсіби құзыреттілікті дамытқыңыз келсе, сіздерді курс бағдарламаларынан өтуге, оқуға шақырамын!
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
31 бағдарлама
Пәндік құзыреттілік
Мектептегі ағылшын тілі сабағы: басымдықтар мен жетілдіру стратегиялары
Ағылшын тілі мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту
Колледжде ағылшын тілін оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары
Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту: ағылшын тілін оқытудың тиімді тәжірибесі
Зерттеу қызметі
Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study
Lesson Study: зерттеу жүргізуден оқытуды жетілдіруге
Менеджмент және көшбасшылық
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы
Деректерді талдау негізінде мектепті басқару
Мектеп басшыларының кадрлық резерві: әлеуеті және даму стратегиялары (негізгі деңгей)
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (базалық деңгей)
Мектеп менеджменті: аспектілері және басқару әдістері
Digital-технолог: цифрлық менеджмент құралдары
Мектеп директоры орынбасарларының кадрлық резерві: басқаруға кіріспе және әлеуетті дамыту
Менеджмент және көшбасшылық: табысты басқару стратегиясы
Метапәндік құзыреттер/әдістеме және технологиялар
Оқу сауаттылығы: оқылым, таным және креативтілік
Мектеп командасының кәсіби құндылығын арттырудағы икемді дағдылар (soft skills)
Тиімді коммуникация және келіссөз жүргізу өнері
Жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту: мұғалімге арналған практикалық тәсілдер
Тиімді оқыту және оқу
Педагог жұмысындағы аналитика: деректерді талдаудан оқыту сапасын жақсартуға
Психология және инклюзивті білім беру ортасы
Негізгі мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі
Тәрбие жұмысы
Оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауы: кәсіптік бағдарлау моделі және құралдары
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
«Ағылшын тілі» пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау
Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
Тиімді оқыту
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пəнін оқыту мен оқудың ерекшеліктері
Тиімді оқыту және оқу (НЗМ)
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Ағылшын тілі» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша онлайн курсы
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау) (ілгері деңгей)
Өзгеріс көшбасшылары: заманауи мектепті басқаруға жаңаша көзқарас (болашақ басшыларды даярлау)