Кіру Тіркелу
Менеджмент және көшбасшылық

Менеджмент және көшбасшылық: табысты басқару стратегиясы

120 академиялық сағат
Онлайн формат
2 топ
43 педагог оқуды аяқтады
5,0 рейтинг

Бағдарлама туралы

Курс бағдарламасы білім беру ұйымдары басшыларының ұйым қызметін жүйелі тұрғыдан пайымдауға, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға, адамдар мен үдерістерді тиімді басқаруға, қызметкерлердің кәсіби дамуына жағдай жасауға және менеджмент пен көшбасшылықтың заманауи тәсілдері негізінде ұйымдық өзгерістерді іске асыруға бағытталған басқарушылық құзыреттерін жетілдіруді көздейді.

Бағдарламаның мақсаты

Білім беру ұйымдары басшыларының заманауи басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ олардың деректерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, команданы басқару, ұйымды дамыту және өзгерістерді іске асыру қабілеттерін жетілдіру

Мақсатты аудитория

Директор, Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Бастауыш мектеп меңгерушісі, Директордың орынбасары, Директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары

Бағдарлама мазмұны

Модуль 1 Білім беру ұйымын нормативтік-құқықтық негізде басқару
Модуль көлемі: 8 академиялық сағат
Модуль 2 Өзгермелі ортада көшбасшылық таныту және басқарушылық ойлау
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 3 Команданы басқару, тиімді коммуникация орнату және басқарушылық ықпал ету
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 4 Деректерді талдау негізінде басқару
Модуль көлемі: 24 академиялық сағат
Модуль 5 Адами капиталды дамытудағы көшбасшылық
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 6 Ұйымның өзіндік болмысы, мәдениеті және ішкі ахуалы
Модуль көлемі: 16 академиялық сағат
Модуль 7 Ұйымның дамуын жоспарлау және өзгерістерді басқару
Модуль көлемі: 24 академиялық сағат

Оқу нәтижелері

  • Басқарушылық жағдайларды талдап, белгісіздік жағдайында негізді шешімдер қабылдай алады;
  • Өзгерістер кезінде көшбасшылық пен басқарудың заманауи модельдерін орынды қолданады;
  • Командадағы өзара іс-қимыл мәселелерін анықтап, ынталандыру мен коммуникация тәсілдерін таңдайды, ұйымдық ахуалды жақсарту жолдарын ұсынады;
  • Мониторинг деректерін талдап, негізгі проблемалар мен даму басымдықтарын айқындайды, фактілерге сүйеніп шешім қабылдайды;
  • Қызметкерлердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтап, бақылау мен дамытушы кері байланыс негізінде қолдау жоспарын әзірлейді;
  • Миссияны, пайымды, құндылықтар мен ұйымдық мәдениетті талдайды;
  • Өзгерістерді іске асыру жоспарын әзірлеп, міндеттерді, тәуекелдер мен нәтижелілік көрсеткіштерін айқындайды.

Өзіңізге қолайлы топты таңдаңыз

28
қыркүйек
2026
Опанова Жания Опанова Жания ПШО тренері
Онлайн 120 академиялық сағат Петропавл
0 / 40 орын толды 40 орын қалды
30 000 ₸
Жазылу
28
қыркүйек
2026
Андирова Венера Андирова Венера ПШО тренері
Онлайн 120 академиялық сағат Ақтөбе
0 / 15 орын толды 15 орын қалды
30 000 ₸
Жазылу

Бағдарлама рейтингі

5,0
2 педагог бағалады
5
100%
4
0%
3
0%
2
0%
1
0%
100% төрт немесе бес жұлдыз қойды
43 педагог бағдарламадан өтіп үлгерді
2 филиалда қабылдау жүріп жатыр