Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
Әріптестер талқылайтын сұрақтар

Жаңа сыныптағы алғашқы күн — оқушыға дос табуға қалай көмектесеміз?

Жаңа оқушы бір мезетте ережелерді түсініп, есімдерді жаттап, қалыптасқан топтардың арасынан өз орнын табуға тырысады.

Жаңа оқушы өзін ортаға тезірек сіңгендей сезінуі үшін алғашқы күндері не істейсіз? Нақты әрекетіңізді немесе дәстүріңізді айтыңыз.
2 әріптес жауап берді Жауап беру

2 жауап

Жанат Абдикулова Негізін қалаушы Қатысушы

ны күлімдеп қарсы алу.

Аты-жөнін атап, сыныппен таныстыру.

Сыныптастарының жылы сөз айтуына мүмкіндік беру.

«Біздің сыныпқа қош келдің!» деген қолдау көрсету.

  1. Бірінші күннен бастап таныстыру ойындарын өткізу

Мысалы:

«Мен туралы үш қызықты дерек».

«Ортақ қызығушылығымыз».

«Менің жаңа досым».

«Бір-бірімізді танып білейік».

  1. Жаңа оқушыға дос-жолдас тағайындау

Оған сыныптағы ашық, мейірімді, көмектесуге дайын оқушыны серік ету. Ол мектептің тәртібін, кабинеттерді, сабақ кестесін түсіндіреді.

  1. Ортақ жұмыстарға қатыстыру

Топтық тапсырмалар;

Спорттық ойындар;

Шығармашылық жұмыстар;

Сыныптан тыс іс-шаралар.

  1. Эмоциялық қолдау көрсету

Оқушымен жеке сөйлесіп, көңіл күйін сұрау. Оның бойындағы қорқыныш пен қобалжуды түсіністікпен қабылдау.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
1 жауап Оқығандар: 12
Наргиза Жуматаева Негізін қалаушы Қатысушы

Мен сынып жетекшісі ретінде жаңа оқушының өзін бөтен сезінбеуіне мән беремін. Алғашқы күндері сыныптастарымен жақындасуы үшін жұптық тапсырмалар ұйымдастырып, тақырыпқа сәйкес әңгімеге тартуға тырысамын. Әр бала ортаға әртүрлі бейімделеді.Сондықтан ең бастысы – бала өзін еркін сезінетін жылы орта қалыптастыру.

Жазбаны ашу
Менің кейсім
Жауап беру Оқығандар: 8