Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Сағат Қыстаубаев

Сабақ шебері Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 1 жазылушы

ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн? Оқушыларға Қазақстан тарихынан белгілі бір тарихи оқиғаны таңдап, сол кезеңде өмір сүрген адамның атынан күнделік жазу тапсырылды. Мысалы, Алаш қозғалысы, Қазақ хандығының құрылуы немесе Желтоқсан оқиғасы. Тапсырманың сәтті тұстары: Оқушылар дайын ақпаратты көшірмей, тарихи оқиғаны өз бетінше зерттеді. Тарихи тұлғаның рөліне еніп, оқиғаға өз көзқарастарын білдірді. Шығармашылық қабілеттері мен тарихи ойлау дағдылары дамыды. ЖИ-ді дайын жауап алу үшін емес, ақпаратты тексеру және өз жұмысын жетілдіру құралы ретінде пайдалануды үйренді. Нәтижесі: Оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындап, өз ойларын еркін жеткізді. Ең сәтті тұсы – әр оқушының жұмысы ерекше болды, өйткені олар тарихи оқиғаны өз көзқарасымен сипаттады. Сабақ идеясы 19 қараша 1 минуттық оқу