Еңбек жолыңыздың алғашқы жылында сабақ үстінде жиі айтып, қазір мүлде қолданбайтын сөзіңіз қандай?
«Тыныш отырыңдар, мені мұқият тыңдаңдар!» Өйткені қазіргі сабақта бастысы – мұғалімнің қанша сөйлегені емес, оқушының қаншалықты ізденгені.
ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?
ЖИ (жасанды интеллект) дәуірінде үй тапсырмасы оқушыны дайын ақпаратты көшіруге емес, өз бетінше ойлануға, ізденуге, талдауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және жеке шешім қабылдауға ынталандыруы керек.
Менің ойымша, қазіргі оқушыға дәстүрлі «оқып кел, жазып кел» тапсырмасынан гөрі өмірмен байланысты, таңдау еркіндігі бар тапсырмалар берген тиімді.