Сыныбымда мынадай жағдай болды Әдіс-тәсілім әлсіз дейін десем...мыңқырық әдіс қолдандым.Сабақты шоу қылдым.
Сыныбымда мынадай жағдай болды Әдіс-тәсілім әлсіз дейін десем...мыңқырық әдіс қолдандым.Сабақты шоу қылдым.
Бала тапсырма орындамады.Неге?
Сыныбымда мынадай жағдай болды Оқушы өте тәртіпті,таза,белсенді.Мұғалімді мұқият тыңдайды. Алайда,тапсырманы орвндауға келгенде мүдіреді.
Мәселені мүлдем түсінбеген.
Не себеп деп ойлайсыздар?
Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?
Менің 2-ші сынып оқушымның дәл осылай сұрақ қойғаны бар.
Не үшін оқимыз?
Мен әдебиеттік оқу пәнінен көзбен оқуға жаттықтыру үшін 3 мин. мәтін оқытатыным бар.Өзі , Б.жылдам оқымаса да түсініп, жүргізіп оқиды.
Менде де шынымен -ақ не үшін оқыта беремін ...өздері -ақ жүре келе көзбен ,жылдам оқып кетер деп ойланып қалғаным бар...
Сынып тым -тырыс...менен жауап күтіп отыр.
Б-ның сұрағын жауапсыз қалдыруға болмайтынын түсіндім.
Б.!Біз алға жылжымаймыз ба?Дамымаймыз ба?Былтырғы бірінші сыныпқа қарағанда өскенімізді көрсетпейміз бе?
Қазіргі оқып жатқан кітаптарымыз да былтырғыға қарағанда өзгеше.Күрделі.Қиын.
Ендеше сол қиындарды жеңу үшін оқи береміз,оқи береміз.
Дегенмін.