Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
М

Маржан Аханова

Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 1 жазылушы

Жаңа әдіс: «AI-Avatar: Эмпатия мен код» Сыныбымда мынадай жағдай болды Бағыты: Информатика және жасанды интеллект пәні және сынып сағатының интеграциясы Мақсаты: Оқушылардың сабақтағы қорқынышын, қате жасау үрейін жою, топтағы қарым-қатынасты жақсарту және Т. Кларктың психологикалық қауіпсіздік сатыларын (қабылдау, оқу, салым, шақыру) цифрлық құралдар арқылы жүзеге асыру. Әдістің негізгі қадамдары: «Цифрлық маска» арқылы пікір білдіру . Кейбір оқушылар көпшілік алдында сөйлеуден немесе қателесіп қалудан қорқады. Осындай кезде оқушыларға өз ойын немесе қиын тақырып бойынша сұрағын HeyGen, Hedra AI немесе басқа да анимациялық/виртуалды аватарлар арқылы (үнсіз немесе дауысын өзгертіп) жеткізуге мүмкіндік беріледі. Бұл оқушыға «мені емес, менің аватарымды тыңдап жатыр» деген психологиялық жеңілдік беріп, оқу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «Қателерді дебагтау» (Debugging the Mistakes) тренингі: Информатикадағы программадағы қатені табу (debugging) процесін өмірлік жағдайларға көшіру. Сыныпта орын алған түсініспеушіліктерді немесе қате пікірлерді «жөндеуді талап ететін код» ретінде қарастыру. Оқушылар бір-бірінің қатесін мазақ етпей, оны «кодты оңтайландыру» (жақсарту жолдарын ұсыну) ретінде сындарлы түрде талқылайды. Топтық «Commit & Merge» әдісі (Инклюзивті біріктіру): Топтық жұмыста ешкім шеттетілмеуі үшін (кейс-2 шешімі сияқты), GitHub жүйесіндегідей әр оқушының үлесі міндетті түрде ортақ жобаға біріктіріледі (Merge). Егер бір оқушының үлесі (салымы) қосылмаса, топтың жұмысы «қате береді» (компиляциядан өтпейді). Бұл әр қатысушының салым қауіпсіздігі мен маңыздылығын арттырады. Бұл әдістің нәтижесі: Оқушылардың сабақтағы стресс деңгейі төмендейді. Сыныпта өзара сенім, сыйластық және жаңа идеяларға ашықтық (Т. Кларктың 4-ші сатысы — шақыру/вызов қауіпсіздігі) қалыптасады. IT-құзыреттілік пен soft-skills (эмпатия, командада жұмыс істеу) қатар дамиды. Әдістемелік жаңалық 13 қараша 2 минуттық оқу