Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Крестина Алтыбаева

Қатысушы Сабақ шебері

4 жарияланым · 0 рет сақталды · 1 жазылушы

Күрделі тақырыпты оқушы «Ә, енді түсіндім!» дегенше қалай түсіндіресіз? Күрделі тақырыпты оқушыға қарапайым тілмен, өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндіремін. Тақырыпты бірнеше шағын бөлікке бөліп, көрнекіліктер мен ойын әдістерін қолданамын. Әр баланың түсіну деңгейіне қарай қайталап түсіндіруден жалықпаймын. Ең бастысы – оқушының көзі жанып, “Ә-ә, енді түсіндім!” деген сәтіне жету. Себебі мен үшін баланың түсінгені маңызды». ❤️ Сабақ идеясы 25 қараша 1 минуттық оқу Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не? Оқушыларға өз бетінше ойлануға, ізденуге және тапсырманы орындауға мүмкіндік беремін. Бірден дайын жауапты айтпай, бағыт-бағдар көрсетемін. Себебі баланың өзі байқап, өзі шешім қабылдауы – білімді терең меңгеруіне жол ашады. Әр баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға тырысамын». ❤️ Нәтиже берген тәсіл 25 қараша 1 минуттық оқу Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па? Ата-ана – баланың алғашқы ұстазы, ал мұғалімнің сенімді көмекшісі. Бала тәрбиесі мен білім алуында ата-ана мен мұғалім бірлесе жұмыс істегенде ғана жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Сондықтан ата-ананың қолдауы мен көмегі өте маңызды». ❤️ Менің кейсім 25 қараша 1 минуттық оқу Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз? Ішімнен: “Балам, бұл білімнің саған бүгін қажеті болмауы мүмкін, бірақ ертең өмірде өз жолыңды табуыңа, дұрыс шешім қабылдауыңа көмектеседі” деп ойлаймын. Ал оқушыға: “Білімді болу – өз болашағыңды қалыптастыру үшін керек” деп жауап беремін». Менің кейсім 25 қараша 1 минуттық оқу