Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу

Жансая Жакупбекова

Өзгеріс көшбасшысы Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Қазір көп мектептерде кездесетін жағдаят: оқушылардың сабақ үстінде т... Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Қазір көп мектептерде кездесетін жағдаят: оқушылардың сабақ үстінде телефонда ойын ойнап отыруы. Бір ескерту, екі ескерту... үш ескерту. Аз-кем үзілістен соң қайта баяғы әдет. Бір күні сауал тастадым: - Балалар, неге Сіздер басқаларды үнемі, күнделікті байытып отырсыздар? Басқалардың баюына мүмкіндік бергенше, неге өзіңізге пассивті кіріс көзін жасамайсыздар. Үнсіздік. Сұраулы көзқарас. Қалай? Кімді байытып отырмыз? Осы ойнаған ойыныңызға күнделікті қанша қаражат саласыз? Кемі 5000 теңге. Жақсы. Долларға айналдырсаңыз неше болады? Қанша қолданушы бар бқл ойында? Доллармен күнделікті түсетін қаражатты пайдаланушы адамдардың санына көбейтіңіз. Бұл бір күнде түсетін табыс. Егер осы ойынды патенттеп алған тұлға заңды түрде айына 1 пайыз көлемінде кіріс алып отыратын болса, оның айлық табысы неше болады? Оқушылар ойыннан түсетін табыстың бір күндігін, одан түсетін пайданың 1 пайызын есептеп шығарды. Аң-таң. Шешім: - Бәлкім, Отандық пайдалы өнім жасап шығарармыз?! Менің кейсім 19 қараша 1 минуттық оқу