ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?
Мен логопед ретінде үй тапсырмасын баланың күнделікті әдетімен байланыстырып беремін. Мысалы, артикуляциялық жаттығуларды бөлек орындауды балалар көбіне ұмытып кетеді, сондықтан «таңертең және кешке тіс жуған кезде тіс щеткасымен бірге тілге арналған жаттығуды жаса» деп тапсырамын. Бұл тәсілдің сәтті тұсы — бала оны бөлек «сабақ» деп қабылдамайды, күнделікті әдеттің жалғасы ретінде қызығып әрі ұмытпай орындайды.
«Р» және «С» дыбыстарын қоюда нәтиже берген тыныс алу ойыны
Әріптестер, логопедиялық сабақта балалардың көбі дұрыс тыныс ала алмайды, ал бұл дыбыс қоюды қиындатады. Мен өз тәжірибемде сабақтың басында міндетті түрде 2 минуттық «Футбол» (мақтаны қақпаға үрлеу) және «Көбік үрлеу» ойындарын қолданамын. Балалар жаттығуды ойын ретінде қабылдап, ауа ағынын дұрыс бағыттауды тез үйренеді. Нәтижесінде «Р» және ысқырық дыбыстар әлдеқайда жылдам қойылады. Сіздер тыныс алуды дамытуға қандай ойындар қосасыздар?
Нейрожаттығу
Әріптестер, сіздер мынадай жағдайда не істейсіздер Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Тәжірибемде сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың сабақ басында зейіні шашыраңқы болып, тапсырмаға бірден кірісе алмайтын кездері жиі кездеседі. Артикуляциялық жаттығуларға дейін баланы тез «оятып», назарын аудару үшін қандай 2-3 минуттық тиімді ойындар немесе нейрожаттығулар қолданасыздар? Тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер!