Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не?
Мен сабағымда көбінесе оқушыларға жұптық жұмыс орындатамын ,яғни орындаған тапсырмаларыңның дұрыстығын тексеріңдер деп тапсырамын. Балалар үлкен қызығушылықпен бір- бірін тексереді. Шыққан қателерін дұрыстайды, бір-біріне түсіндіреді. Осы әдісте балалар қателесуден қорықпайды. Керісінше қатесін дұрыстап, түсінуге тырысады. Қазір 1-2 оқушым маған:" Дәптерлерді өзіміз тексеріп көрсек бола ма?" -деп сұрайды. Осындай қуанарлық сәттер болған.
Ата-аналар чаты — мұғалімнің көмекшісі ме, әлде қоңырауы соғылмайтын сабақ па?
Ата-аналар чаты- оқушының үлгеріміне, біліміне және тәртібіне қатысты, сонымен қатар мектептегі маңызды ақпаратпен бөлісетін чат. Өйткені баламен жұмыс тек мұғалімнің емес, ата-ананың да міндеті.