ЖИ дәуірінде оқушы өзі орындауға ынталануы үшін қандай үй тапсырмасын берген жөн?
Менің ойымша, ЖИ дәуірінде оқушыға дайын жауапты көшіріп алуға болатын емес, өз өмірімен байланыстырып, ойланып, ізденіп орындайтын үй тапсырмаларын берген тиімді.
Математика пәнінен оқушыларға өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар берер едім. Мысалы, «Отбасылық бюджетті есепте», «Дүкеннен 5000 теңгеге қажетті заттарды тиімді таңдап ал», «Бөлменің ауданын өлшеп, еденге қанша төсеніш қажет екенін анықта» деген тапсырмалар.
Сонымен қатар, бір есепті бірнеше тәсілмен шығару, өз есебін құрастыру, шешу жолын бейнеролик арқылы түсіндіру сияқты шығармашылық жұмыстарды ұсынар едім.
Ең бастысы, ЖИ-ді пайдалануға тыйым салмай, оны дұрыс қолдануға үйрету керек. Алдымен оқушы тапсырманы өзі орындап, кейін ЖИ жауабымен салыстырып, қатесін анықтап, өз шешімін дәлелдесін.
Оқушы «Мұны не үшін оқуымыз керек?» деп сұрағанда, қандай жауапты ішіңізден ғана айтасыз?
Оқушыға айтатын жауабым:
--Біз мұны тек баға алу үшін емес, ойлауды, талдауды, мәселені шешуді үйрену үшін оқимыз. Бүгін түсінген білімің ертең өмірде дұрыс шешім қабылдауыңа көмектеседі. Әр білімнің өз пайдасы бар. Ең бастысы – не үшін үйреніп жатқаныңды түсіну!
Ішімнен айтатын жауабым:
--Бәрін бірдей өмірде қолданбасаңдар да, балам, білім ешқашан артық болмайды. Бұл – оқу бағдарламасы, сондықтан үйрену керек.