Beyim Ustaz
Кіру Тіркелу
Лентаға оралу
С

Сауле Смаилова

Негізін қалаушы

1 жарияланым · 0 рет сақталды · 0 жазылушы

Сабағыңызда оқушыларға «Өзім байқап көрсем бола ма?» дегізетін не? Әдіс/Тапсырма: «Мен — зерттеушімін» Жағдайды сипаттау: Сабақ барысында жай ғана сурет немесе теория көрсетудің орнына, оқушылардың алдына жұмбақ жағдай қойдым (мысалы, пияз қабығының немесе өз беттерімен тауып әкелген жәндік қанатының клеткаларын қарау). Алдын ала дайын микропрепаратты көрсетіп тұрып, «мұның ішінде көзбен көрінбейтін тұтас бір әлем бар» дедім. Оқушының реакциясы: Оқушылардың көздері жайнап кетіп, «Мұғалім, өзім байқап көрсем бола ма? Линзаны бұрап көрейікші, мына клеткалар қалай қозғалады екен?» деп жарыса қол көтеріп, өз беттерімен микроскоппен жұмыс істеуге ұмтылды. Нәтиже: Бұл әдіс балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды теорияны өз бетінше ізденіп меңгеруге итермелед Нәтиже берген тәсіл 13 қараша 1 минуттық оқу